Accessibility links

Украинада абортқа тыйым салуға наразылық танытты


"Фемен" қозғалысы өткізген абортқа тыйым салуға наразылық акциясы. Украина, Киев, 10 сәуір 2012 жыл.

"Фемен" қозғалысы өткізген абортқа тыйым салуға наразылық акциясы. Украина, Киев, 10 сәуір 2012 жыл.

Украинаның "Фемен" қозғалысы шіркеудің аборт жасатуға тыйым салатын заң жобасын қолдағанына наразылық танытып, акция ұйымдастырды.

Қозғалыс белсенділері Киевтегі Әулие София соборының қоңырауына шығып, кеуделерін ашып тастап, "мемлекет пен шіркеу арасындағы қылмыстық сөз байласуға" қарсылық ретінде қоңырау соқты. Акцияға қатысушыларды кейін полиция қуып таратты.

Қазіргі уақытта Украинада жүктіліктің 12 аптасында, кей жағдайларда 22 аптасында да аборт жасатуға рұқсат етілген.

Жаңа заң жобасы аборт жасатуға мүлдем тыйым салуды қарастырады. Заң тек дәрігерлер босануға болмайды деп шешім шығарғанда ғана аборт жасатуды күшінде қалдырмақ.

"Фемен" қозғалысы - Украинадағы әйел құқықтары үшін, адам саудасы мен жезөкшелікке қарсы күресетін ұйым.
XS
SM
MD
LG