Accessibility links

Филиппин мен Қытай арасы шиеленісті


Оңтүстік Қытай теңізінде филиппин билігі қытайлық теңізшілерді тұтқындауға әрекеттеніп, екі елдің әскери кемелері арасында шиеленісті жағдай туындады.

Филиппин үкіметі таратқан хабарламаға қарағанда, жексенбіде (8 сәуір) Лузон аралынан 124 миль жерде заңсыз балық аулап жүрген сегіз қытайлық кеме ұсталған. 10 сәуірде оқиға болған жерге екі қытай кемесі келіп, балықшыларды ұстамақ болған филипин теңізшілеріне кедергі келтірмек болған.

Елдің сыртқы істер министрі Альберто-дел-Росарио бұған қатысты "Егер Филиппинге қауіп төнсе, біз өз егемендігімізді қорғауға дайынбыз" деп мәлімдеді. Ал Маниладағы Қытай елшілігі "Филиппин заңсыз әрекетін тоқтатып, аймақтан дереу шықсын" деді.

Филиппиннің солтүстік батысындағы жағалауларға екі ел иелік еткісі келіп, дауласып келеді.

Жанжал 16-27 сәуірде Филиппин мен АҚШ даулы аймаққа жақын тұста әскери теңіз жаттығуларын өткізетін мерзімге тұспа-тұс келіп отыр.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG