Accessibility links

ДСҰ: 2030 жылы деменциямен ауыратындар 2 есеге көбейеді


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының логотипі. Көрнекі сурет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) деменциямен (ақыл-ес, парасаттың кемдігі) ауыратындардың саны 2030 жылға қарай екі есеге көбейіп, 65.7 миллион адамға жететінін хабарлады.

ДСҰ сәрсенбіде жариялаған есебінде 2050 жылы бұл аурумен ауыратындар қазіргі 36.5 миллионнан үш есеге көбейетінін айтады. Ұйымның есебінше, әлемде 36 миллион адамды емдеу, қарау үшін жылына 604 миллиард АҚШ доллары жұмсалады.

Деменция - мидың ауруға ұшырауынан пайда болып, адамның ойлау, есте сақтау қабілетіне, мінез-құлқы мен күнделікті іс-қимылдарына кері әсер етеді.
XS
SM
MD
LG