Accessibility links

Путин саяси күштерді бірігуге шақырды


Владимир Путин мемлекеттік думада есеп беріп тұр. Мәскеу, 11 сәуір 2012 жыл.

Владимир Путин мемлекеттік думада есеп беріп тұр. Мәскеу, 11 сәуір 2012 жыл.

Ресей президенті болып сайланған премьер-министр Владимир Путин сәрсенбіде мемлекеттік дума алдында өзі басқарған үкіметтің қызметі жайлы есеп берді.

Мемлекеттік думада сөйлеген Путин үкіметтің басты жетістігі - экономиканың тұрақтануы мен халық санының өскенін айтты. Басты проблема ретінде ол халықтың табысының арасында үлкен алшақтық пайда болғанын атады.

Путин өз сөзінде елдің бұдан ары дамуы үшін елдегі түрлі саяси күштерді бірігуге шақырды.

Сәрсенбіде таңертең мемлекеттік дума ғимаратының алдында әділ сайлау өткізуді білдіретін акция ұйымдастырған оппозиция белсенділері ұсталған болатын. Олар әділ сайлаудың белгісі ретінде ақ лента ұстап шыққан. Ұсталғандардың арасында "Солшыл майдан" қозғалысының жетекшісі Сергей Удальцов бар.

Владимир Путин мамыр айының басында президент қызметіне кіріседі.
XS
SM
MD
LG