Accessibility links

Дамаск әскерді шығаруға тағы уәде берді


Ираның сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи (сол жақта) мен БҰҰ-ның арнайы өкілі Кофи Аннан (оң жақта) Тегеранда кездесті. Иран, 11 сәуір 2012 жыл.
Ираның сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехи (сол жақта) мен БҰҰ-ның арнайы өкілі Кофи Аннан (оң жақта) Тегеранда кездесті. Иран, 11 сәуір 2012 жыл.
БҰҰ мен Араб лигасының Сирия бойынша өкілі Кофи Аннанның мәлімдеуінше, Дамаск 12 сәуірде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6-да барлық әскери операцияларды тоқтатуға уәде берді.

Соған қарамастан, Сирия үкіметі "көтерілісшілер жағынан қандай да бір шабуыл бола қалса, оған бірден қарсы жауап беретінін" ескертті.

Кофи Аннан сәрсенбіде Тегеранда Иранның сыртқы істер министрі Әли Акбар Салехимен кездесті. Аннан Сирия қақтығысын бұдан ары шиеленістіре берудің салдары ауыр болатынын айтып, Дамаскінің басты одақтасы - Иран үкіметін қақтығысты реттеу жобасын қолдауға шақырды. Салехи "Башар әл-Асадқа өзгерістер жасауға мүмкіндік берілу керек және оған шет елдердің араласпауы тиіс" екенін айтты.

Оппозицияның хабарларына қарағанда, сәрсенбіде көтерілісшілер Сирия әскерімен қақтығысып, 12 адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG