Accessibility links

Египетте салафи имам президенттікке түседі


Салафилер имамы Хазем Әбу Исмаил Каирдегі соттан кейін жақтастарының ортасында. Египет, 10 сәуір 2012 жыл.

Салафилер имамы Хазем Әбу Исмаил Каирдегі соттан кейін жақтастарының ортасында. Египет, 10 сәуір 2012 жыл.

Египет соты сәрсенбіде салафи ағымының имамы Хазем Әбу Исмаилға мамырда өтетін президент сайлауына қатысуға рұқсат берді.

Бұған дейін орталық сайлау комиссиясы оған шешесінің АҚШ азаматы екенін айтып, тіркеуден бас тартқан еді. Египет заңы бойынша, ата-анасы немесе жұбайы басқа елдің азаматтығын алғандар президент бола алмайды.

Каирдің әкімшілік соты Хазем Әбу Исмаилдің шешесінің америкалық екеніне еш дәлел таба алмады. Сотқа келген имамның мыңдаған жақтасы бұл шешімді қуана қабылдады.

Орталық сайлау комиссиясы Египет президенттігіне кандидаттар тізімін 26 сәуірге дейін бекітуі тиіс.

Салафилік - ислам дінінің "ерте кездегі сенімі мен өмір салтын ұстануға, дінді кейінгі теологиялық және мәдени қоспалардан арылтуға" шақыратын консервативті бағыты.
XS
SM
MD
LG