Accessibility links

Өзбекстан шетел инвесторларына жеңілдік жасамақ


Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов.
Өзбекстан президенті Ислам Каримов шетел инвесторларына салықты азайтып, олардың елдегі қызметіне мемлекеттің араласуын шектейтін жарлық шығарды.

Жаңа жарлық бойынша, таяудағы он жылда Өзбекстанға бес миллион АҚШ долларынан асатын инвестиция салған халықаралық компанияларға салық заңнамаларына енгізілген кез келген өзгерістердің күші жүрмейді. Бұдан өзге, президент әділет министрлігіне құқық қорғау органдарының шет ел компаниялары мен фирмаларының жұмысын шектемеуін қадағалауды тапсырды.

Жарлықта әлемдік қаржы дағдарысының Өзбекстанды экономиканы модернизациялаудың жаңа жолдарын қарастыруға мәжбүрлегені айтылады.

Соңғы жылдары Өзбекстанның шетелдік инвесторлар арасындағы беделі қатты түсіп кеткен еді. Бұған өзбек билігінің бірқатар бірлескен компаниялардың активтерін иеленуі себеп болған.
XS
SM
MD
LG