Accessibility links

Қарағандыда екі кенші қаза тапты


Қарағанды облысындағы көмір кенішінің жұмысшылары. Көрнекі сурет.

Қарағанды облысындағы көмір кенішінің жұмысшылары. Көрнекі сурет.

Қарағанды облысындағы "Шұбаркөл-Көмір" компаниясының көмір разрезінде тау жынысы құлап, екі кеншіні басып қалды деп хабарлады бейсенбіде "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі. Үйінді астында қалған 42 және 26 жастағы екі кенші де қаза тапқан.

Төтенше жағдайлар агенттігінің хабарлауынша, 11 сәуірде түнгі сағат 10-да көмір тиеп жатқан кезде жоғарыдағы тау жынысы құлаған.
XS
SM
MD
LG