Accessibility links

Израиль-Палестина бітімін қайта бастау талқыланды


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтондағы жиында. Вашингтон, 11 сәуір 2012 жыл.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон Вашингтондағы жиында. Вашингтон, 11 сәуір 2012 жыл.

Еуропа Одағы, Ресей және АҚШ өкілдері Вашингтонда Палестина мен Израиль арасындағы бітімге келу процесін жалғастыру жайын талқылады. Кездесуге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров, АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон және Еуроодақ өкілдері қатысты

Тараптар екі елді 2012 жылдың аяғына дейін бейбіт келісім жасасуға шақырды. Мұндай үндеу 2011 жылдың соңында да жасалған болатын.

Израиль мен Палестинаның премьер-министрлері сәуірдің аяғында кездесуді жоспарлап отыр. Израиль үкіметінің мәлімдеуінше, Израиль премьері Биньямин Нетаньяху Палестинаны келіссөздерді алдын-ала ешқандай шарт қоймай қайта бастауға шақырмақ.

Екі ел арасындағы бейбіт келіссөздер 2010 жылдың аяғында үзіліп қалған болатын. Оған Нетаньяхудың палестиналықтардың қоныстану құрылыстарын жүргізуге қойылған уақытша мораторийді ұзарту талабын қабылдамай қоюы себеп болған.
XS
SM
MD
LG