Accessibility links

Сирияда бейбіт келісім күшіне енді


Хомс қаласында жүрген сирия үкіметінің танктері. Сирия, сәуір 2012 жыл. Көрнекі сурет.

Хомс қаласында жүрген сирия үкіметінің танктері. Сирия, сәуір 2012 жыл. Көрнекі сурет.

Сириядағы қақтығысты реттеу жөніндегі келісім бейсенбіде күшіне енді. Әзірге Сириядан үкімет күштері тарапынан әскери қимылдар жасалып жатқаны турасында хабарлар түскен жоқ.

Сәрсенбіде Сирия билігі БҰҰ мен Араб лигасының өкілі Кофи Аннанға "қақтығыс 12 сәуір, бейсенбіде жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 6-да тоқтайды" деп сөз берген. Бірақ Дамаск "террористер шабуылдай қалған жағдайда" (Сирия билігі "террорист" деп көтерілісшілерді айтады) қарсы жауап беретінін ескерткен.

Дамаск елді мекендерден әскерді шығару мәселесін айналып өткен. Бірақ Кофи Аннан қақтығысты реттеу үшін әскер шығарылуы керектігін тағы да ескертті.

Бастапқы жоспар бойынша, Сирия билігі 10 сәуірге дейін шабуылды тоқтатуы тиіс болатын. Бірақ қақтығыстар жалғаса берді. Сириялық құқық қорғаушылардың дерегінше, сәрсенбіде ұрыстардан 12 адам қаза тапқан.
XS
SM
MD
LG