Accessibility links

Терроризм мен экстремизмге қарсы комиссия құрылды


Бас әскери прокуратураның жанынан қарулы күштер мен әскери құрылымдардағы терроризм және экстремизмге қарсы күресетін ведомство аралық комиссия құрылды. Бұл туралы бейсенбіде бас әскери прокуратура хабарлады.

Әскери прокуратураның ресми веб-сайтындағы хабарламаға қарағанда, комиссия бас әскери прокурор, Қазақстан гвардиясының қолбасшысы, қорғаныс министрі, шекара қызметінің директоры және ішкі әскерлердің бас қолбасшысының біріккен жарлығымен құрылған.

Әскери прокуратураның хабарлауынша, комиссия терроризм мен экстремизмге қарсы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады. Оның негізгі міндеттеріне әскери нысандардың терроризмге қарсы қорғанысына мониторниг жасап, қарулы күштердегі терроризм қаупін анықтау және алдын алу кіреді.

Комиссия бұған қоса әскери құрылымдарда терроризм мен экстремизмге қарсы басқа да қызметтерді үйлестірмек.
XS
SM
MD
LG