Accessibility links

Қырғызстанда тұрғындар құрылтайды болдырмады


Талас қаласында тұрғындар "Қырғызстанның жаңа күштері" қозғалысы ұйымдастырған құрылтайдың туын өртеді. Қырғызстан, 12 сәуір 2012 жыл.

Талас қаласында тұрғындар "Қырғызстанның жаңа күштері" қозғалысы ұйымдастырған құрылтайдың туын өртеді. Қырғызстан, 12 сәуір 2012 жыл.

Қырғызстанның солтүстігіндегі Талас қаласында тұрғындар "елдегі жағдайды талқыламақ болып" құрылтайға жиналған 2 мыңға тарта адамды қуып таратып жіберді.

Азаттық радиосының Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бейсенбіде өтетін құрылтайды "Қырғызстанның жаңа күштері" қоғамдық қозғалысы ұйымдастырған. Бірақ құрылтай өтетін қалалық стадионға жергілікті тұрғындар келіп, тарап кетуді талап еткен. Жиналғандардың бас киімдерін, құрылтайдың туы мен плакаттарын өртеген.

Қозғалыс жетекшісі Құбат Тоқсобоев мұның алдында жиынға президент Алмазбек Атамбаевтың, саяси партиялардың жетекшілері мен белсенділердің да шақырылғанын айтқан болатын.Бірақ жиынға президент те, басқа саяси партия жетекшілері де келмеді.

Тоқсобоев қозғалыстың оппозициялық партияларға еш қатысы жоқ екенін айтады. Оның айтуынша, халық қазіргі оппозициядан шаршаған.

1991 жылдан бері екі президент орнынан кетірілген Қырғызстанда шеру жиі болып тұрады.
XS
SM
MD
LG