Accessibility links

Мүбәрәктің серіктері саясаттан шеттетілуі мүмкін


Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәкты сот залына зембілмен алып келді. Каир, 2 қаңтар 2011 жыл.

Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбәрәкты сот залына зембілмен алып келді. Каир, 2 қаңтар 2011 жыл.

Египет парламенті биліктен тайдырылған президент Хосни Мүбәрәк режимінің жоғары шенді шенеуніктерін 10 жылға саяси құқықтарынан айыру туралы заңға түзету енгізуді қолдап дауыс берді. Жаңа заңды енді Мүбәрәк кеткеннен кейін билікті қолына алған Жоғарғы әскери кеңес бекітуі тиіс.

Түзетулер Мүбәрәк режимі күйрейтін тұста билікте 10 жылдан көп уақыт отырған саясаткерлерге қатысты.

Егер түзетулер қабылданса, онда барлау қызметінің бұрынғы басшысы Омар Сүлеймен, Мүбәрәк билігі тұсында премьер-министр болған Ахмед Шафик мамыр айында өтетін президент сайлауына қатыса алмайды.

Президенттікке үміткерлерді тіркеу 8 сәуір, өткен жексенбіде аяқталған болатын.
XS
SM
MD
LG