Accessibility links

Пхеньянның зымыраны орбитаға шыға алмады


Солтүстік Корея инженерлері зымыранды ұшыру алаңына қойып жатыр. Пхеньян, 8 сәуір 2012 жыл.

Солтүстік Корея инженерлері зымыранды ұшыру алаңына қойып жатыр. Пхеньян, 8 сәуір 2012 жыл.

Солтүстік Корея жұма күні таңертең елдің батысындағы Тунчан ғарыш айлағынан орбитаға спутник шығаратын "Унха-3" деп аталатын зымыран ұшырды. Бірақ зымыран ұшқаннан кейін бірер минуттан соң мұхитқа құлады. Ұшып бара жатқан зымыраннан бір бөлшегі бөлініп түскен.

АҚШ қорғаныс министрлігінің дерегі бойынша, Солтүстік Корея "Теподонг-2" деп аталатын баллистикалық зымыран ұшырған. Бірақ Пхеньян әзірге ешқандай ресми ақпарат бермей отыр.

Солтүстік Кореяның зымыран ұшыруын бұл елдің көршілері Оңтүстік Корея мен Жапония "Пхеньянның арандату әрекеті" деп айыптады. АҚШ президенті әкімшілігінің өкілі Джей Карни мұны "арандату және әскери қуатты сәтсіз насихаттау" деп атады.
XS
SM
MD
LG