Accessibility links

Әскери прокуратура: Елге қауіп төніп тұрған жоқ


Бас әскери прокуратура жұма күні "Әскери жағдай орнаған кезде прокурорлық бақылау орнату мәселелерімен айналысатын жұмысшы тобы қауіпсіздікке қатер төніп тұрғандықтан құрылған жоқ" деп мәлімдеді.

Бұдан екі күн бұрын әскери прокуратура әскери жағдай кезіндегі бақылауға алу мәселелерімен айналысатын арнайы жұмысшы тобының құрылғанын хабарлаған болатын. "Бұл хабар қоғам арасында екіұшты пікір тудырды. Халықтың бұл жайға алаңдайтындай жөні жоқ" дейді әскери прокуратура.

Мәлімдемеде бұған қоса "жұмысшы тобының дүниежүзі елдеріндегі бақылаушы органдардың, оның ішінде Грузия мен Оңтүстік Осетия қақтығысында бақылау және тергеу жұмыстарын жүргізген Ресейдің бас әскери прокуратурасының тәжірибесін зерттеп жатқаны" айтылады.

AzattyqTV

Ақтаудағы аштық акциясы

Мұнайшылар депутаттарды шақырды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG