Accessibility links

Қытай экономикасы 3 айда 8.1 пайызға өсті


Статистикалық көрсеткіш. Көрнекі сурет.

Статистикалық көрсеткіш. Көрнекі сурет.

Қытай экономикасының өсімі 2012 жылдың алғашқы үш айында 8.1 пайызды құрады. Бұл соңғы үш жылда байқалған төменгі көрсеткіш.

Қытайдың ұлттық статистика бюросының өкілі Шэн Лайюньнің мәлімдеуінше, бұған экспорт көлемінің азаюы себеп болды. Қытайдың басты экспорттық нарығы - Еуропада қаржы дағдарысынан Қытай тауарларын импорттау көлемі азайған. Бірақ соңғы үш айда Қытайдың өзінде де ішкі сұраныс азайып кеткен.

Қаңтардан наурызға дейін өнеркәсіп өндірісінің көлемі артқан. Бірақ оған экспорт көлемінің кемуі кері әсер еткен. Сарапшылар Қытайдың ішкі жалпы өнімі 2012 жылы да 8 пайызға өседі деп болжайды.
XS
SM
MD
LG