Accessibility links

Өзбекстан құқық қорғаушыны босатты


Өзбекстандық құқық қорғаушы Әлішер Караматов.

Өзбекстандық құқық қорғаушы Әлішер Караматов.

Өзбекстанда тоғыз жылға сотталған құқық қорғаушы Әлішер Кароматов бостандыққа шықты деп хабарлайды Азаттық радиосының Өзбек қызметі.

Өзбекстанның адам құқықтарын қорғау қоғамының Сырдария облыстық бөлімшесінің басшысы болған Кароматов үкіметтегі жемқорлық туралы айта бастаған соң, 2006 жылы "кісі бопсалады" деген айып тағылған. Онымен бірге сотталған Азам Фарманов бостандыққа шығарылмады. Өзбек билігі Кароматовтың не себепті ерте босатылғаны туралы түсінік бермеді.

Кароматовтың туыстары оның туберкулезбен ауыра бастағанын, денсаулығының нашар екенін айтады.

Өзбекстандық құқық қорғаушылар Әлішер Кароматовтың ісін БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетіне шығарған. Ол мәселе осы айдың аяғында ұйымның Женевадағы консулдығында талқыланады деп жоспарланған.

Азаттық радиосына сұхбат берген Кароматов өзін босатуға ықпал еткен жергілікті және халықаралық құқық қорғаушыларға алғыс айтты.
XS
SM
MD
LG