Accessibility links

Бен Ладеннің отбасы Пәкістаннан Саудияға көшіріледі


"Әл-Қаида" ұйымының қаза тапқан бұрынғы жетекшісі Усама бен Ладен.

"Әл-Қаида" ұйымының қаза тапқан бұрынғы жетекшісі Усама бен Ладен.

Пәкістандағы Усама бен Ладен отбасының қорғаушысы "Оның үш жесірі мен екі қызы келесі аптада Сауд Арабиясына күштеп көшіріледі" деп хабарлады.

Осы айдың басында Пәкістан соты бен Ладеннің жесірлері мен қыздарын елге заңсыз келіп, тұрақтағаны үшін 45 күн үйқамаққа алу туралы үкім шығарған болатын.

АҚШ арнайы күштері өткен жылы мамырда Пәкістанның Абботтабад қаласында жүргізген операция барысындаУсама бен Ладен қаза тапқан. Мұнан соң Пәкістанның қауіпсіздік қызметі оның жесірлері мен қыздарын тұтқындады.

Бен Ладеннің отбасы қазір Исламабадта қамауда отыр.
XS
SM
MD
LG