Accessibility links

Бахрейнде полиция жаназаға келгендерді атты


Бахрейндегі билікке қарсы шеру. 15 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Бахрейндегі билікке қарсы шеру. 15 наурыз 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Полиция Бахрейннің астанасы Манамада наурыздың соңындағы шеруде мерт болған журналист Ахмед Исмаилды жерлеуге келген адамдарға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, оқпен атқан.

Бірнеше адам жараланды, олардың арасында 15 жасар бала бар деп хабарлайды «Әл-Вефаг» оппозициялық шиит партиясының өкілдері.

Бұл елде тағы да халық толқуы қаупі болғанымен, Халықаралық автомобиль федерациясы (FIA ) "Формула-1" жарысы Бахрейнде 22 сәуірде өтеді деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG