Accessibility links

БҰҰ мен АҚШ Гвинея-Бисаудағы төңкерісті айыптады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Африка құрлығындағы Гвинея-Бисау мемлекетінде болған әскери төңкерісті айыптап, елдің уақытша президенті мен премьер-министрінің қауіпсіздігін сақтауға шақырды.

Гвинея-Бисаудан премьер-министр, президенттіктен үміткер Карлуш Гомиш Жуниор жайлы әртүрлі мәлімет келіп жатыр. Әскерилер жұма күні оны тұтқындағандарын айтқан. Бірақ Батыс дипломаттарына сілтеме жасаған ақпарат агенттіктері "премьер-министр ел астанасы Бисаудағы шетел елшіліктерінің бірінің ғимаратында жасырынып жатыр" дейді.

Елдегі партиялардың жұма күнгі мәлімдемелеріне қарағанда, билікті басып алған әскерилер өздеріне маңызды қызметтер тиетіндей етіп "ұлттық бірлік үкіметін" құру туралы ұсыныс айтқан. Ал әскерилер "билікті басып алмайтындарын, көршілес Анголаның әскерін елге кіргізбеуді мақсат ететіндерін" айтады.

29 сәуірде елде кезектен тыс президент сайлауы өтуі керек. Оған қазіргі премьер-министр Гомиш те өз кандидатурасын ұсынған.
XS
SM
MD
LG