Accessibility links

Стамбулда Иранға байланысты кездесу өтіп жатыр


Еуропа Одағы өкілі Майкл Манн.

Еуропа Одағы өкілі Майкл Манн.

Стамбулда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше бес ел мен Иранның өкілдері кездесті. Тегеранның ядролық бағдарламасына арналған бұл кездесу 15 ай бұрынғы жүздесуден соң екінші рет өтіп отыр. Стамбулда өткен жылы қаңтарда осы бағыттағы жиын болған еді.

Кездесудің бірінші кезеңі біткен соң журналистермен кездескен Еуропа Одағы өкілі Майкл Манның айтуынша, бүгінгі шарада біраз алға басу бар.

Иранға байланысты келесі кездесу мамырда өтуі мүмкін. Тегеран ендігі кеңестің Бағдатта болғанын жөн көреді.

АҚШ және Еуропа Одағы "Иран атом бомбасын жасау мақсатында зерттеу жүргізіп жатыр" деп күдіктенеді. Тегеран "ядролық зерттеудің бейбіт мақсат көздейтінін" айтады.
XS
SM
MD
LG