Accessibility links

Беларусьте президенттікке экс-кандидат Санников босатылды


Қамаудан босатылған Беларусь саясаткері Андрей Санников. Минск, 15 сәуір 2012 жыл

Қамаудан босатылған Беларусь саясаткері Андрей Санников. Минск, 15 сәуір 2012 жыл

Соңғы президент сайлауында кандидат ретінде бәсекеге түскен бұрынғы сыртқы істер вице-министрі Андрей Санников сәуірдің 14-і қамаудан босатылды. Ол 2010 жылғы желтоқсан айында Беларусьте өткен даулы сайлау кезінде президент Александр Лукашенкоға бәсекелес болған еді. Сайлаудан соң Лукашенко 80 пайыз дауыс алды деп жарияланған еді.

Санниковты полиция сайлаудан кейін Минскіде өткен наразылық митингісі кезінде қамауға алған болатын.

Түрмеден шыққан бойы Санников Азаттық радиосының Беларусь қызметіне берген сұхбатында: "Әуелі халыққа қолдағандары үшін рақмет айтам. Шынында да күшті қолдау жасады. Мұны бар болмысыммен сезіндім. Халықтың бірлігі маған дем беріп қана қойған жоқ, мені құтқарып та қалды" деді.
XS
SM
MD
LG