Accessibility links

Беларусьте тағы бір саясаткер қамаудан босады


Дмитрий Бондаренко, Беларусьтегі оппозицияшыл саясаткер. Минск соты, 26 сәуір 2011 жыл

Дмитрий Бондаренко, Беларусьтегі оппозицияшыл саясаткер. Минск соты, 26 сәуір 2011 жыл

Беларусьте тағы бір оппозицияшыл саясаткер Дмитрий Бондаренко қамаудан босатылды. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігіне сәуірдің 15-і күні оның әйелі хабарлаған.

Мұның алдында 2010 жылы осы елде өткен президент сайлауында кандидат болған Андрей Санников та босатылған еді. Екеуі де президент Александр Лукашенконың рақымшылық жасау туралы жарлығының негізінде түрмеден шықты.

Бұл оппозиция мүшелері былтыр 19 желтоқсанда Минскіде болған сайлау нәтижесіне қарсы шығу митингісі кезінде тұтқындалған еді. Наразылық танытушылар Лукашенко жеңіп шыққан сайлаудың нәтижелері бұрмаланды деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG