Accessibility links

Кабулдың дипломатиялық қалашығында жарылыс естілді


Кабул қаласы, 13 қыркүйек, 2011 жыл. Көрнекі сурет

Кабул қаласы, 13 қыркүйек, 2011 жыл. Көрнекі сурет

15 сәуір күні Ауғанстан астанасының дипломатиялық ауданында бірнеше жарылыс пен атыс үні естілді. Жарылыс дауысы барынша мұқият қорғалатын ауған президентінің резиденциясы, АҚШ, Германия мен Ұлыбритания елшіліктері, америкалық әскери база, БҰҰ мен НАТО кеңселері орналасқан аудан маңынан шықты.

Оқтың кімге қаратып атылғаны анық емес, құрбандар туралы да мағлұмат жоқ. АҚШ елшілігінің маңында жүрген AFP ("Франс Пресс") журналистері сол маңдағы ғимараттарда апаттан сақтандыру құрылғыларының дауысы шығып жатқанын, адамдарға қауіпсіз орындарға тығылу туралы кеңес берілгенін хабарлады. Ал AP (Ассошиэйтед Пресс) агенттігі қаланың басқа бөлігіндегі парламент ғимараты мен Ресей елшілігіне зымыран атылғаны жайлы хабар таратты. Қаладағы қонақ үйлердің біріне жанкештілер шабуыл жасады деген де мәлімет түсті.
XS
SM
MD
LG