Accessibility links

Алматы облысында жер сілкінді


Алматы облысының бір көрінісі. 30 наурыз 2012 жыл. Көрнекі сурет

Алматы облысының бір көрінісі. 30 наурыз 2012 жыл. Көрнекі сурет

15 сәуір күні таңғы сағат 9 кезінде Алматы облысында шамамен 3,5 балдық жер сілкінуі болды. Бұл туралы Қазақстанның сейсмикалық ақпарат жинау және өңдеу орталығына сілтеме жасаған жергілікті БАҚ-тары хабарлады.

Орталықтың мәліметі бойынша "жерасты дүмпулерінің энергетикалық класы К=7.5 көрсеткішіне тең". Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан шығысқа қарай 84 шақырым жерде, 2 шақырым тереңдікте болған.

Еуропалық-жерортатеңіздік сейсмологиялық орталықтың хабарлауынша, жер асты дүмпулері Есік қаласынан 51 шақырым қашықтықтағы аймақта да болған.
XS
SM
MD
LG