Accessibility links

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

1. АРЫС, ШЫМКЕНТ:

"Сот заң аясында өтіп жатыр" депті. Осынан сұрақ тумай ма, "Қандай заң аясында?" делінген. "Бір адамның билеп-төстемек заңы, Халыққа бар, өздеріне жоқ заң аясы " дер едім жауабын...

Айыпталушылар өздерін «полиция азаптағанын» айтты» атты мақалаға жазылған пікір)


2. АТЫ-ЖӨНІ БЕЛГІСІЗ ОҚЫРМАН:

Былтыр шет тілінен баламды аудандық жарысқа алып барып ем, балам тапсырып шыға салысымен ұстаз балама келіп, "Сен жарадың. Бірақ жеңімпаз бұдан үш ай бұрын анықталып қойыпты. Енді үйіңе қайта бер" деп шығарып салды. Тарих пәнінің мұғалімі болса Б.Момышұлы "Волоколамск тас жолы" деген кітап жазған деп лағып отыр. Өткенде ата-аналар жиналысына шақырды. Уақытты зорға тауып, әрең жеттім. Класс жетекшісі "Түгел жиналсаңыздар бастай берейін. Бүгін президенттің жолдауын талқылаймыз" деп лағайын деп келе жатыр еді "Кешіріңіз, маған біреу телефон соғып жатыр" дедім де бездім ғой ана мектептен.

Оқушылар қазіргі оқыту жүйесін құптамайды» атты мақалаға жазылған пікір)

3. МҰРАТХАН ЕРЛАН, ҚЫЗЫЛОРДА:

Тәуелсіз кәсіподақ құру қазіргі таңда кезек күттірмейтін маңызды мәселенің бірі, сіздер білесіздер халқымыздың басым көп бөлігі қатардағы қарапайым қызметкерлерден тұрады, ал олардың заңды мүддесін бірінші кезекте өздері және жеке азаматтардың заңдық сауаты болуы, екінші кезекте заңдық ықпалы бар, шынайы түрде кызметкерлердің мүддесін қорғай алатын кәсіподақтың болғаны дұрыс.

Кәсіподақтардың дамуын саяси фактор тежеп отыр» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG