Accessibility links

Талибан: Кабулға шабуыл жасаған - біз


Ауғанстандық Талибан ұйымының өкілі 15 сәуір күні Кабулда болған жарылыс пен атысты ұйымдастырған өздерінің топтары екенін мәлімдеді. Өкілдің айтуынша, Талибанға басқа да қарулы топтар жәрдем берген.

Ауғанстан астанасындағы Батыс елдерінің елшіліктері орналасқан ауданда жексенбі күні күшті жарылыс пен атыс үні естілді. Ауған президентінің резиденциясы, БҰҰ мен НАТО-ның кеңсесі де осы аймақта тұр.

Талибан өкілінің айтуынша, қарулы топ Ұлыбритания мен Германия елшіліктерін нысанаға алған. Қаланың басқа бөлігіндегі ғимараттарға да шабуыл жасалды деп хабарланды. Олардың ішінде Ауғанстан парламенті бар.

Кабулдың ішіндегі атыстан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Талибан Джалалабад пен Гардез қалаларына жасалған шабуылдарды да өз мойнына алды. Джалалабадтың әуежайына жақын маңда екі жанкешті бомба жарып, бірнеше адам жараланды деген хабар тарады.
XS
SM
MD
LG