Accessibility links

Кабулдағы қақтығыстар аяқталды


Кабулда жексенбіде басталған шабуылдар дүйсенбі күні таңертең аяқталды.

Азаттық радиосының Ауған қызметіне жергілікті билік өкілдерінің хабарлауынша, үкімет күштері бүлікшілер шабуыл жасап бекінген Кабулдың Ширпур мен Даруламан аудандарындағы тәртіпті бақылауды өз қолына алған.

Жексенбіде Кабулда қарулы топ Ауғанстан президентінің резиденциясы, НАТО мен БҰҰ-ның кеңсесі орналасқан ауданда жарылыстар мен шабуыл жасаған. Ауған үкіметі екі бейбіт тұрғын мен 17 бүлікшінің қаза тапқанын хабарлаған болатын.

Кабулдағы шабуылдардан өзге, Ауғанстанның Джалалабад пен Гардез қалаларындағы жанкештілер жасаған жарылыстарды Талибан ұйымы өз мойнына алып, содырлардың "көктемге белгілеген шабуылдарының басталғанын" мәлімдеген. Талибан өкілінің айтуынша, қарулы топ Ұлыбритания мен Германия елшілігін нысанаға алған.
XS
SM
MD
LG