Accessibility links

СІМ: Кабулдағы қазақстандықтар зардап шеккен жоқ


Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.

"Кабулдағы лаңкестік шабуылдарда қайтыс болған және зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ" деп хабарлады дүйсенбіде сыртқы істер министрлігінің өкілі Алтай Абибуллаевқа сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Жексенбіде Кабулдың орталығында бірнеше жарылыс болып, одан соң қарулы топ пен үкімет күштері арасында қақтығыс басталған. Қақтығыс дүйсенбі таңертең аяқталды.

Қарулы топ АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Ресей елшіктері мен Ауған президентінің резиденциясына, парламент үйі орналасқан дипломатиялық ауданға шабуыл жасаған болатын.
XS
SM
MD
LG