Accessibility links

Үндістанда зауыт құлап, 250 адам астында қалды


Дүйсенбіде Үндістанның Джаландхар қаласында үш қабатты текстиль зауыты құлап, 250 адам үйінді астында қалды.

Құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды шығарып алуға кірісіп кетті. Қазірге дейін түрлі жарақат алған 35 адам құтқарылып, ауруханаға жеткізілді.

Үндістан билігі ғимараттың құлауына зауыт қазандығында болған жарылыс себеп болды дейді.
XS
SM
MD
LG