Accessibility links

Норвегияда Брейвиктің соты басталды


Андерс Брейвикті Ослода басталған сотқа алып келді. Норвегия, 16 сәуір 2012 жыл.
Андерс Брейвикті Ослода басталған сотқа алып келді. Норвегия, 16 сәуір 2012 жыл.
Ослода (Норвегия) дүйсенбіде өткен жылы шілдеде 77 кісіні өлтіріп, 242 адамды жаралаған Андерс Брейвиктің ісі бойынша сот процесі басталды. Сотта қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, ақпарат құралдары оны ерекше назарға алған.

Брейвикке "терроризм және жаппай кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылған.

France-Press агенттігінің хабарлауынша, Брейвик "норвег сотының әділ екенін мойындамайды".

Андерс Брейвик 2011 жылы 22 шілдеде Ослоның орталығында бомба жарды. Одан 8 адам қаза тапты. Бұдан соң ол Утоя аралында өтіп жатқан социал-демократиялық партиясының жастар лагеріне барып, 69 адамды атып өлтірді.

Брейвик қылмысы үшін жаза алатынын мойындаса да, өзін кінәлімін деп есептемейді. Ол Еуропада "ислам экспансиясы басталған тұста "кісі өлтіру" қажет болды деген пікірде.

Пиихиатрлық сараптама алғашында оның есі дұрыс емес деп тапқанымен, кейін ақыл-есі дұрыс деген қорытынды шығарды.
XS
SM
MD
LG