Accessibility links

Австралия Ауғанстаннан әскерін ертерек шығарады


Австралияның премьер-министрі Джулия Гиллард.

Австралияның премьер-министрі Джулия Гиллард.

Австралия Ауғанстаннан әскерін белгіленген мерзімнен бір жыл ерте шығаратын болды. Австралия премьер-министрі Джулия Гиллардтың мәлімдеуінше, Ауғанстандағы Австралия әскерінің көпшілігі 2013 жылдың соңына қарай еліне қайтпақ.

Ауғанстанда Австралияның 1 мың 550 әскери қызметкері бар. Бұл - НАТО-ға мүше елдер арасында Ауғанстанға ең көп әскер жіберген ел. Австралия әскерилері негізінен ауған ұлттық армиясының Урузган уәлаятындағы бөлімшелерін аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жаттықтырады.

Бұдан бұрынғы жоспар бойынша Австралия Ауғанстаннан әскерін 2014 жылдың соңында шығаратын болған.
XS
SM
MD
LG