Accessibility links

Ресей мен Қытай қорғаныс шығынын арттырды


Ресейдің "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыраны. Көрнекі сурет.
Ресейдің "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыраны. Көрнекі сурет.
Ресей мен Қытай әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан 2011 жылы қорғаныс шығынын арттырды деп мәлімдеді Стокгольмде (Швеция) орналасқан халықаралық бейбітшілікті зерттеу институты өзінің жылдық есебінде.

Ұйымның дерегінше, АҚШ пен Еуропа елдері әскери мақсатқа кететін шығындарды қысқартқан. Бірақ Ресей әскери шығынын шамамен 8 миллиард АҚШ долларына көбейткен. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 9.3 пайызға артық. Ресей Ұлыбритания мен Францияны басып озып, әлемде әскери мақсатқа қаржы көп жұмсайтын үшінші елге айналған.

"Қытай 2011 жылы қорғанысқа 143 миллиард АҚШ долларын жұмсады. Бұл 6.7 пайыз өсімді құрайды" дейді ұйым.

Дегенмен, АҚШ қорғаныс бюджетін азайтса да, оған жұмсалатын шығын жағынан алда келеді.
XS
SM
MD
LG