Accessibility links

Аргентина мен Испания арасында экономикалық дау туындап келеді


Испаниядағы Repsol компаниясының бас кеңсесі. Көрнекі сурет.

Испаниядағы Repsol компаниясының бас кеңсесі. Көрнекі сурет.

Аргентина үкіметінің елдегі Испанияның Repsol энергетика компаниясының филиалдарын мемлекет меншігіне алу туралы мәлімдемесі халықаралық деңгейде қарсылық туғызды.

Алдымен бұған Испан билігі бірден жауап қатып, оны "заңға қайшы, екі ел арасындағы бейбіт байланыс пен халықаралық заңдарды бұзатын шешім" деп мәлімдеді.

Испания үкіметі бұған жауап шараларды қарастыру үшін шұғыл үкіметтік жиын өткізді.

Билеуші Ұлттық партияның бас хатшысы Мария Долорес де Коспедаль "Біз Аргентина жағы қабылдаған шешімді тыңғылықты зерттеп, Испанияның мүддесін табанды түрде қорғаймыз. Бізге Еуроодақтағы әріптестеріміз де толық қолдау көрсетеді деп сенемін" деді.

Еурокомиссияның сауда ведомствосының өкілі Джон Клэнси Аргентинаға "мұндай шешімнің зардабы ауыр болатынын" ескертті. Ол мемлекет меншігіне алу туралы шешім Аргентинаны Еуроодақ салатын инвестициядан қағатынын да айтты.
XS
SM
MD
LG