Accessibility links

Байқоңырды көргісі келетін туристер көбейген


Ғарыш кемесін күзетіп тұрған ресейлік полицей. Байқоңыр, 31 наурыз 2010 жыл.

Ғарыш кемесін күзетіп тұрған ресейлік полицей. Байқоңыр, 31 наурыз 2010 жыл.

Жарты ғасырдан астам тарихы бар Байқоңыр ғарыш айлағы туристер жиі баратын жерге айнала қойған жоқ. Мамандар туризмнің бұл түрін дамытуға құжат рәсімдеу қиындығы, саяхатшыларға жағдай жасалмағаны кедергі болып отырғанын айтады.


Байқоңырға тур ұйымдастыратын санаулы агенттіктердің бірінің директоры Вадимжан Хайбуллиннің айтуынша, соңғы бір жылда ғарыш айлағын көргісі келетін адамдар көбейген, бірақ «ең үлкен проблема – рұқсат қағазын рәсімдеу».

«ОДАНША МЫСЫР МЕН ТАИЛАНДҚА БАРҒАН АРТЫҚ»

– Қазақстан мен ТМД азаматтары кем дегенде 30 күн бұрын, өзге елдің азаматтары одан да ертерек өтініш беруі тиіс. Мәселен, мен ертең барғым келді, ал маған «30 күн күт» дейді. 30 күннің ішінде менің жоспарым ауысты, бармай қалдым – бұл дұрыс емес, – дейді соңғы бес жылдан бері Байқоңырға туристерді апарып жүрген Вадимжан Хайбуллин.

«Туристер Байқоңырға негізінен зымыранның ұшу сәтін көру үшін барады, себебі басқа көретін ешнәрсе жоқ» дейді сұқбаттасымыз. Оның айтуынша, Байқоңырды 2050 жылға дейін жалға алған Ресейдің Роскосмос мекемесі қазір космодромға кіруге тыйым салып отыр.

– Байқоңыр қаласына келіп, мұражайды аралауға болады, ал космодромға жол Байқоңырдан ұшқалы тұрған ғарыш кемесі. 5 сәуір 2011 жыл.

Байқоңырдан ұшқалы тұрған ғарыш кемесі. 5 сәуір 2011 жыл.

жабық. Қашан ашылатыны белгісіз, – дейді Вадимжан Хайбуллин.

Оның сөзіне қарағанда, «Байқоңырда туристердің демалуына жағдай жасалмаған – қарапайым туристік автобустар, бағасы лайық қонақүйлер жоқ».

– Алайда бұған қарамастан, Байқоңырға барып келудің күндік құны 600 долларды құрайды. Екі күн баруға, екі күн қайтар жолға, бір-бір жарым күн қаланы аралауға кетеді. Одан да бұл ақшаға Мысыр мен Таиландқа барған артық, – дейді сұхбаттасымыз.

Вадимжан Хайбуллиннің пікірінше, «сондықтан әлемдегі теңдесі жоқ ғарыш айлағы Байқоңырға туристер жуық арады ағыла қоймас».

«ЖАҚЫНДА ШЕШІЛІП ҚАЛАР»

Қазақстан бұған дейін Байқоңырға туристерді тарту мақсатында бірнеше жоспар ұсынған. Соңғы жолы, өткен жылы қарашада Қазақстан президентінің Байқоңырдағы арнайы өкілі Сәбит Қожаметов «Байқоңыр ғарыш кешенінің Байқоңырда наурыз мейрамын тойлап жүрген тұрғындар. 25 наурыз 2006 жыл. (Көрнекі сурет)

Байқоңырда наурыз мейрамын тойлап жүрген тұрғындар. 25 наурыз 2006 жыл. (Көрнекі сурет)

аймағында туризм кластерін құру маңызды міндеттердің бірі» екенін айта келіп, «ғарыш кешені аймағынан шағын дисней-ленд құру мәселесі ойластырылып жатқанын» сөз еткен.

– Бұл шағын ғана ғарыш планеталарының біріне айналмақ. Кез келген азамат келіп, ондағы құрылғылар арқылы ғарышта жүргендей сезімге бөлене алатын болады, – деген еді Сәбит Қожаметов.

Ал Қызылорда облысы туризм және спорт басқармасы бастығының орынбасары Құрманкүл Датқабекованың айтуынша, «Байқоңырға туристерді тартудың жолдары әлі қарастырылып жатыр».

– Біз әлеуметтік туризм бойынша отбасының жағдайы төмен не болмаса жетім балаларды, оқу озаттарын да алып барғымыз келеді. Биылғы бюджеттен соған арнайы қаражат қарастыруға өтініш бергенбіз, жақында шешіліп қалар, – дейді сұхбаттасымыз.
  • 16x9 Image

    Мәншүк АСАУТАЙ

    1980 жылы туған. Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

    Қарағанды қаласындағы жергілікті телеарнада қызмет еткен. 2004 жылдан бері Азаттықтың тілшісі. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG