Accessibility links

Израильде 3 500 палестиналық тұтқын аштық жариялады


Пәкістанның Бану қаласындағы түрме. Хайбер Пахтунхва уәлаяты. (Көрнекі сурет).
Пәкістанның Бану қаласындағы түрме. Хайбер Пахтунхва уәлаяты. (Көрнекі сурет).
Израильдің мемлекеттік түрме қызметі 17 сәуірде жүздеген палестиналық жыл сайын өтетін "Тұтқындар күнінде" аштық жариялағанын хабарлады.

Елдің түрме қызметінің өкілі Сиван Вейцманның айтуынша, 2 мың 300 тұтқын Израильдің палестиналықтарды тұтқындаған күніне орай тамақ ішуден бас тартқан, ал 1 мың 200 тұтқын аштық жариялауды бастағанын хабарлаған. Газа секторындағы палестиналықтар сейсенбіде Израиль түрмелерінде отырған 4 мың 700 тұтқынға қолдау білдіріп, "Тұтқындар күнін" атап өтуге кірісті.

Израиль түрмелеріндегі палестиналықтар өздеріне тиісті жағдай жасалмай жатқанына наразылық білдіріп, жиі аштық жариялайды. Израиль 66 күн бойы тамақ ішпей қойған Палестина азаматын бүгін босатпақ.
XS
SM
MD
LG