Accessibility links

ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы шекара мәселесін талқылады


ЕҚЫҰ-ның логотипі. Көрнекі сурет.
ЕҚЫҰ-ның логотипі. Көрнекі сурет.
Венада ЕҚЫҰ-ның екі күндік министерлер конференциясы өтті. Онда халықаралық коалиция күштері 2014 жылы Ауғанстаннан шығарылғаннан кейінгі Орталық Азиядағы шекара қауіпсіздігі мәселесі талқыланды.

Ұйымның трансұлттық қауіпсіздік мәселелері департаментінің өкілі Жером Буйжу конференциядан соң Азаттық радиосына сұхбат берді. Сұхбатында ол конференцияда "коалиция күштерінің Ауғанстандағы миссиясы аяқталғаннан кейін халықаралық қауымдастық Орталық Азия елдеріне шекараларын нығайтуына көмектесуі керек деген ұйғарым жасалғанын" айтты.

Буйжудың сөзіне қарағанда, бұл көмек аймақта есірткі тасымалы, адам саудасы мен терроризм қаупін болдырмауға бағытталмақ. Оның айтуынша, Орталық Азиядағы басты проблемалардың бірі - аймақ мемлекеттерінің арасындағы шекараларды бекітудің әлі аяқталмауында болып отыр.
XS
SM
MD
LG