Accessibility links

Павлодарда екі тұтқынды күштеп тамақтандырмақ


Пәкістанның Хайбер Пахтунхва уәлаяты, Бану қаласындағы түрме. Көрнекі сурет.
Пәкістанның Хайбер Пахтунхва уәлаяты, Бану қаласындағы түрме. Көрнекі сурет.
Павлодар түрмесінде жаза мерзімімен келіспей, екі айдан бері аштық жариялап жатқан екі тұтқынды түрмеде күштеп тамақтандырмақ деп хабарлайды Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне сілтеген "Тенгриньюс" агенттігі.

Комитеттің хабарлауынша, егер аштық тұтқынның денсаулығына қауіп төндіретін болса, онда түрме қызметкерлері оларды күштеп тамақтандырады. "Дәрігерлер күн сайын олардың денсаулығын бақылап отыр. Біз тұтқындардың денсаулығына қауіп төнуіне жол бермейміз" дейді комитет.

Ал тұтқындардың қорғаушысы Светлана Ковлягинаның айтуынша, олар аштықтарын тоқтатпақ емес.
XS
SM
MD
LG