Accessibility links

Ермек Тұрсыновтың онлайн-конференциясы


Режиссер Ермек Тұрсынов Азаттық радиосының бюросында. Алматы, 20 сәуір 2012 жыл.
Режиссер Ермек Тұрсынов Азаттық радиосының бюросында. Алматы, 20 сәуір 2012 жыл.

Азаттық радиосы 20 сәуір күні кинорежиссер Ермек Тұрсыновпен онлайн-конференция өткізді.


Ермек Тұрсынов Қазақ ұлттық университетінің (Алматы) журналистика факультетін, Бүкілресейлік мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу) сценарий және кинотану факультетін бітірген.

Ол «Мұстафа Шоқай», «Құрақ көрпе», «Гүлзар», «Апамның жұмағы», «Кешіккен махаббат», «Моңғол», «Бақсы», «Келін» және тағы басқа көркем фильмдерге сценарий жазды.

«Келін» (2008), «Шал» (Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» повесінің желісімен, 2012) фильмдерін түсірді.

Бірнеше халықаралық байқаудың лауреаты.

Ермек Тұрсынов 2009 жылы Сұлтан Бейбарыс туралы жазған «Мамлюк» романын жариялады.
XS
SM
MD
LG