Accessibility links

Сирия Кофи Аннанның жоспарын орындауға келісті


Сирияның сыртқы істер министрі Валид Муаллем.
Сирияның сыртқы істер министрі Валид Муаллем.
"Дамаск БҰҰ-ның арнайы өкілі Кофи Аннан ұсынған қақтығысты реттеу жоспарын орындауға міндеттеме алды" деп мәлімдеді Қытайдың сыртқы істер министрі Ян Цзечи. Қытай министрі Пекинде сәрсенбі күні сириялық әріптесі Валид Муаллеммен кездескен.

Сириялық құқық қорғаушылардың дерегінше, сәрсенбіде үкімет әскері Хомс қаласының көтерілісшілер бақылауындағы аудандарын атқылап, соның кесірінен 15 адам қаза тапқан.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун "Сирияға жіберілген халықаралық бақылаушылардың құзыреті кеңеюі керек" деп санайды. Оның айтуынша, Сириядағы жағдайдың шиеленісті екенін есепке алғанда, 250 бақылаушы аздық етеді.

Әзірге Сирияға 30 бақылаушы ғана келді. Бірақ Дамаск олардың құзыретін әлі бекіткен жоқ.
XS
SM
MD
LG