Accessibility links

Курамшиннің ісі 2 мамырда қаралады


Құқық қорғаушы Вадим Курамшин.

Құқық қорғаушы Вадим Курамшин.

Сейсенбіде Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық сотында құқық қорғаушы Вадим Курамшиннің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы болды деп хабарлады Азаттық тілшісіне азаматтық белсенді Жанна Байтелова.

Отырыста Курамшиннің қорғаушысы Ескендір Әлімбаев істі қосымша тергеуге жіберуді және тергеу шараларын оны қамауда ұстамай-ақ жүргізуді сұраған. Бірақ оның өтініштері қанағаттандырылмаған.

Курамшиннің ісі бойынша сот отырысы 2 мамырда өтетін болып белгіленді.

Байтелова Еуропарламент депутаты Пол Мерфидің Курамшинге қолдау білдіріп, хат жазғанын айтады.
XS
SM
MD
LG