Accessibility links

Қырғыз оппозициясы билікпен келіссөзден бас тартты


Қырғызстанның премьер-министрі Өмірбек Бабанов.

Қырғызстанның премьер-министрі Өмірбек Бабанов.

Қырғызстанда саяси алауыздық күшейіп бара жатқан шақта оппозиция өкілдері билікпен келіссөздер жасаудан бас тартты.

Сәрсенбіде премьер-министр Өмірбек Бабановтың жетекшілігімен конференция ұйымдастырылып, оған оппозиция жетекшілері шақырылды. Бірақ оппозиция өздерінің кездесуді телеарнадан тікелей трансляциялау талабы орындалмағанын айтып, кездесуге келмеді.

Қырғызстанда оппозиция соңғы айларда бірнеше митингі ұйымдастырды. Митингіде олар үкімет уәдесін орындамады деп, министрлер кабинетінің отставкаға кетуін талап етіп келеді.
XS
SM
MD
LG