Accessibility links

Әзербайжанда күдікті террористік топ ұсталды


Әзербайжанның ұлттық қауіпсіздік министрлігінің хабарлауынша, елде "әл-Қаидамен" байланысы бар деген күдікпен бір топ адам ұсталған.

Қауіпсіздік қызметі өкілінің айтуынша, күдіктілер террористік шабуылдар жасауды жоспарлаған. Топ мүшелері Сирияның ислам мектептерінде оқып, Пәкістан мен Иранда әскери дайындықтан өткен.

Бірақ министрлік күдіктілердің қашан ұсталғанын және нақты қанша адам екенін айтпай отыр.
XS
SM
MD
LG