Accessibility links

Обаманың қауіпсіздік қызметіне қатысты жанжал күшейді


АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама.

Вашингтонда АҚШ президентінің қауіпсіздік қызметінің агенттері "жезөкшелер қызметін пайдаланды" деген күдіктен туған жанжал күшейіп келеді.

Қазір Ақ үйдің тапсырмасы бойынша бұл жанжалдың анық-қанығын тексерумен құпия қызметтің таңдаулы бөлімі айналысып жатыр. Хабарларға қарағанда, президенттің қауіпсіздік қызметінің 11 агенті Барак Обаманың Колумбияның Картахен қаласына Америка саммитіне қатысу сапарына дайындық кезінде 20 жезөкшенің қызметін пайдаланған деген күдік бар.

Жанжалға қатысты барлық 11 агент қызметтерінен босатылып, үйлеріне қайтарылған. Қазір оларға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

АҚШ билігі бұған қоса агенттермен бірге болған жезөкшелерді тауып, олардың Обаманың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жайлы мәліметтерді білген-білмегенін анықтауға тырысып жатыр. Барак Обаманың өзі бұл мәселе бойынша ауқымды тергеу шараларын жүргізуге шақырды. Ал АҚШ конгресінің мүшелері бұл іске қатысты парламенттік тыңдау өткізуді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG