Accessibility links

Иран депутаттары Ахмединежадты айыптады


Иран президенті Махмұд Ахмединежад парламентте сөйлеп тұр (төменде). Тегеран, 14 наурыз 2012 жыл.

Иран президенті Махмұд Ахмединежад парламентте сөйлеп тұр (төменде). Тегеран, 14 наурыз 2012 жыл.

Иранда бір топ парламент депутаты парламент спикеріне президент Махмұд Ахмединежадты сынап, хат жазды.

Хатты парламенттегі 290 депутаттың көпшілігі қолдаса, онда президентке импичмент жариялануы мүмкін. Бұл - Ахмединежад президент болған жеті жылдан бергі алғашқы жағдай.

21 депутат қол қойған хатта Махмұд Ахмединежадты наурыздағы сайлауда парламенттегі жақтастары азайып қалғандықтан кейбір мәселені депутаттарсыз шешетін заңды қабылдады деп айыптайды.
XS
SM
MD
LG