Accessibility links

Сот: LiveJournal заңды түрде бұғауланды


Астана қаласы Есіл ауданының соты LiveJournal блог-платформасының бұғаулануын заңды деген шешім шығарды деп хабарлайды Zakon.kz сайты.

2011 жылы 12 шілдеде Астана қаласының Сарыарқа аудандық соты платформадағы бір блогта "терроризм мен діни экстремизм насихатталады" деген себеппен интернет ресурсты бұғаулауға шешім шығарған болатын.

Кейін Анатолий Утбанов есімді интернет қолданушы бұған қарсы шағым түсірген болатын. Сот сайттың бұғаулануы заңды деп, оның шағымын қанағаттандырудан бас тартқан.
XS
SM
MD
LG