Accessibility links

"Қорғас" халықаралық орталығы ашылды


"Қорғас" Қазақстан-Қытай халықаралық ынтымақтастық орталығы сәрсенбіде ресми түрде ашылды деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

Ал бейсенбіде кеден, шекаралық тексеру, өткізу, иммиграциялық және карантиндік бақылау органдары қызметке кіріскен. Мұнда Қазақстан мен Қытай азаматтары тиісті құжаттарын көрсетіп, еркін сауда жасай алады.

"Қорғас" арнайы экономикалық аймағының жетекшісі Лу Миньнің айтуынша, орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Орталық аумағында адамдар, жүк пен тарнспорт еркін жүре алатын ереже енгізілген.

Орталықтың аумағы 5.28 шаршы шақырым.
XS
SM
MD
LG