Accessibility links

Гаага соты: Бізде Каддафидің ұлына қатысты айғақ бар


Халықаралық соттың басшысы Луис Морено-Окампо.

Халықаралық соттың басшысы Луис Морено-Окампо.

Гаагада орналасқан халықаралық соттың басшысы Луис Морено-Окампо сотта Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламның жалдамалыларды іріктеуге және өлім жазасын қолдануға қатысы барын дәлелдейтін айғақтар бар екенін хабарлады. Бірақ ол оның қандай айғақтар екенін айтудан бас тартты.

Өткен жылы қарашада ұсталған Саиф әл-Ислам қазір Ливияның Зинтан қаласында тұтқында отыр. Халықаралық сот Ливиядан оны қайтаруды талап етіп келеді. Бірақ Ливияның жаңа үкіметі Саиф әл-Исламды елде соттауға бекініп отыр.

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы бейсенбіде "Гаага сотының трибуналы Ливия үкіметін Саиф әи-Исламды халықаралық сотқа тартуға көндіруі мүмкін" деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG