Accessibility links

CPJ журналиске жасалған қастандықты айыптады


Халықаралық "Журналистерді қорғау комитетінің" логотипі. Көрнекі сурет.
Халықаралық "Журналистерді қорғау комитетінің" логотипі. Көрнекі сурет.
Халықаралық The Committee to Protect Journalists – CPJ (Журналистерді қорғау комитеті) ұйымы тәуелсіз «Уральская неделья» апталығының журналисі Лұқпан Ахмедияровқа жасалған қастандықты айыптаған мәлімдеме жасады.

Лұқпан Ахмедьяровқа сәуірдің 19-ы, яғни кеше түнде үйінің қасында қарулы қастандық жасалды. Оны Орал қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасына әкеліп, операция жасаған. Әріптесі Тамара Еслямованың айтуынша, «қазір Лұқпан Орал қаласындағы облыстық клиникалық аурухананың реанимация бөлімінде наркозда жатыр». Дәрігерлер оған сегіз жерден пышақ салынғанын, денесінде травматикалық қару оғынан да жарақат барын айтады.

CPJ мәлімдемесінде «Жантүршігерлік қастандық Қазақстанда тәуелсіз журналист болудың қандай қиын екенін көрсетеді. Ахмедияров билікті сынаған, енді ауруханада жатыр. Билік шұғыл түрде тексеру жүргізіп, жауаптыларды жазалау керек» деп жазылған.

Ахмедияров кейінгі мақалаларында президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билігін сынап, облыс басшыларын 2011 жылы 16 желтоқсанда болған Жаңаөзенде мұнайшылар мен полиция арасындағы қақтығыстарға назар аударуға құлықты емес деп айыптаған болатын.
XS
SM
MD
LG