Accessibility links

Ахмедияровтың ісін бақылауға алуды талап етті


Журналист Лұқпан Ахмедияров.

Журналист Лұқпан Ахмедияров.

Жұмада Қазақстанның журналистер қауымы оралдық "Уральская неделья" газетінің журналисі Лұқпан Ахмедияровқа жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасап, құзырлы органдардан оқиғаны дереу тексеріп, бақылауға алуды талап етті.

Қастандықты Ахмедияровтың кәсіби қызметімен байланыстырған журналистер бұл оқиғаны жай ғана қылмыс емес, саяси астары бар әрекет деп біледі.

"Ішкі істер министрлігінен қастандықты дереу шынайы түрде тергеу, тексеруді, ал бас прокуратурадан Ахмедияровтың ісін қатаң бақылауға алуды талап етеміз. Соттан қастандыққа тапсырыс беріп, оны орындағандарды әділ түрде жауапқа тартуды да талап етеміз" дейді журналистер.

Лұқпан Ахмедияровқа 19 сәуір күні түнде үйінің алдында қастандық жасаған болатын. Белгісіз біреулер оның денесіне сегіз жерден пышақ ұрып, травматикалық қарудан оқ атқан. қазір ауруханада ауыр халде жатыр.

Ахмедияров бұған дейін билікті сынайтын бірнеше мақала жазған еді.
XS
SM
MD
LG